Главное/ Қосылу шарты

БЕКІТІЛДІ
«PINE Digital» ЖШС директоры
2021 жылғы 02 сәуір

ҚОСЫЛУ ШАРТЫ

Осы Шарт бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, «PINE Digital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, БСН 190340014780, орналасқан жері: ҚР, Z00X8H2, Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Ғабиден Мұстафин көшесі, 21/1 үй, 355-пәтер, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Рауан Аппасович Сыздыков атынан бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын кез келген заңды тұлғамен, жеке кәсіпкермен немесе жеке тұлғамен, Шартта айқындалған талаптармен Сервиске («COURSTORE» онлайн-курстарының ақпараттық платформасы мен конструкторы) электрондық қолжетімділікті ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге осы Қосылу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасу ұсынысы болып табылады.

Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының талаптарына сәйкес жасалатын қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын Тапсырыс беруші осы Шартқа қосылу жолымен ғана қабылдауы мүмкін. Шартқа қосылу тәртібі Шарттың 3-бөлімінде көзделген. Шарт Тапсырыс берушіні Шарттың талаптарымен таныстыру мақсатында, оның ішінде оған қосылғанға дейін Орындаушының сайтында орналастырылады.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

1.1. Тапсырыс берушінің Жеке кабинеті – Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтердің құны мен көлемі нақтыланған, Сервиске қосылған Пайдаланушыларды сәйкестендіруге (олардың логині-email бойынша) мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын Сервистің ақпараттық базасындағы Тапсырыс берушінің дербес бөлімі. Тапсырыс беруші өзінің Жеке кабинетіне Орындаушының сайтында Тапсырыс берушінің есептік ақпаратын енгізу арқылы жүзеге асырады.

1.2. Онлайн-курс-Тапсырыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар әзірлеген және Пайдаланушылық келісімнің талаптарын орындаған кез келген Пайдаланушы қол жеткізе алатын Сервисте орналастырылған, бейне -, аудиофайлдарды, мәтіндік және (немесе) өзге нысанда ұсынылған ақпаратты қамтитын жүйелендірілген курс нысанындағы ақпараттық материалдар.

1.3. Есептік кезең – күнтізбелік ай.

1.4. Пайдаланушы – Шарттың 1.5-тармағына сәйкес Онлайн-курсқа электрондық қолжетімділікті сатып алу ниетін білдірген және оған төлем жасаған жеке немесе заңды тұлға.

1.5. Пайдаланушылық келісім – Орындаушы сайтының https://courstore.com/public-offer мекенжайы бойынша бөлімінде орналасқан жария оферта, ол ниет білдіргендердің бәріне онда көрсетілген талаптармен Онлайн-курстарға электрондық қолжетімділікті ұсыну қызметтерін көрсету шартын жасасуды ұсынады.

1.6. Сайт – Орындаушы әкімшілендіретін https://courstore.com мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған сайт.

1.7. Сервис – Тапсырыс берушіге көрсетілген кешенде орналастырылған Онлайн-курстарды орналастыруға, ал Пайдаланушыларға Пайдаланушы келісімін қабылдаған жағдайда оларды қарауға мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық кешен («COURSTORE» онлайн-курстарының ақпараттық платформасы және конструкторы). Сервиске Орындаушының сайты арқылы қол жеткізуге болады.

1.8. Қызмет – Орындаушының Шарттың 2.1-т. және 2.2-т. көзделген іс-әрекеттері.

1.9. Есептік ақпарат – Сервистің ақпараттық базасында тіркелу кезінде көрсетілетін және кейіннен Сервиске қосылу үшін пайдаланылатын Тапсырыс берушінің бірегей аты (логин-email) мен паролі.

1.10. Онлайн-курсқа электрондық қол жеткізу – нақты Онлайн-курсқа қатысты Пайдаланушылық келісім жасасқан және олардың құнын толық төлеген Пайдаланушыға берілетін қол жеткізу құқықтары. Пайдаланушы онлайн-курсқа электрондық қолжетімділікті іске қосылған Онлайн-курсқа қатысты немесе үш ай ішінде іске қосу жоспарланған Онлайн-курсқа қатысты сатып ала алады, соңғы жағдайда Пайдаланушы онлайн-курсқа ол іске қосылған сәттен бастап электрондық қолжетімділікті пайдалануға құқылы.

1.11. Тегін Онлайн-курстар – Сервис сондай-ақ Пайдаланушылар үшін тегін Онлайн-курстарды ұсынады, мұндай жағдайларда оларға өтемсіз қол жеткізу беріледі. Тапсырыс беруші тегін Онлайн-курстарды орналастырған жағдайда, Орындаушы Шартта көзделген қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуді талап етпейді, сондай-ақ Орындаушының сыйақысына қатысты Шарт талаптары Тапсырыс берушіге қолданылмайды.

2. ШАРТ МӘНІ

2.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің Сервиске ақылы Онлайн-курстарды орналастыруы мақсатында оған электрондық қолжетімділікті ұсыну бойынша, Тапсырыс берушінің Жеке кабинетінің функционалдығын техникалық қолдау бойынша, сондай-ақ Тапсырыс берушінің атынан және оның есебінен Пайдаланушылармен Пайдаланушы келісімдерін жасасу және Пайдаланушылардан Тапсырыс берушінің Онлайн-курстарына электрондық қолжетімділікті төлеу жасау есебінен төлемдерді қабылдау бойынша Қызметтерді көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Шартта көзделген талаптар бойынша көрсетілген Қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.

2.2. Орындаушы Шарттың 2.1- тармағында тізіп көрсетілген Қызметтерге қосымша Тапсырыс берушіге олармен мәмілелер жасасу мақсатында Тапсырыс беруші орналастырған Онлайн-курсқа электрондық қолжетімділікті сатып алу бойынша Пайдаланушыларды тарту қызметтерін көрсетеді.

2.3. Орындаушы Шарттың 2.1-2.2 тармақтарында тізіп көрсетілген Қызметтерге қосымша Тапсырыс берушіге Тапсырыс берушінің Онлайн-курсына электрондық қолжетімділікке төлем жасау үшін Пайдаланушыларға шоттарды ұсыну бойынша қызметтерді көрсетеді.

2.4. Тараптар Пайдаланушылармен Пайдаланушы келісімдерін жасай отырып, олардан Онлайн-курстарға электрондық қолжетімділікке төлем жасау есебіне төлемдерді қабылдау кезінде Орындаушы Онлайн-курсты өткізуге міндетті тұлға болмайды, тек Тапсырыс беруші мен Пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету үшін Сервистің функционалдығын ұсынады.

2.5. Орындаушы Шарт талаптарын орындау кезінде Орындаушы пайдаланатын Сервиске, өзге де бағдарламалық жасақтамаға, домендік атауларға, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, өзге де зияткерлік меншік объектілеріне және Орындаушының, оның тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің өзге де дараландыру құралдарына қатысты кез келген зияткерлік меншік құқықтарын (мұндай құқықтардың тіркелгеніне немесе тіркелмегеніне қарамастан) қоса алғанда, барлық мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болады.

2.6. Шарт ережелерінің ешқайсысы аталған зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды иеліктен шығару мүмкіндігіне жол беретін және (немесе) Тапсырыс берушіге және (немесе) кез келген үшінші тұлғаларға оларды пайдалануға айрықша немесе айрықша емес лицензия беретін ереже ретінде түсінілмеуге тиіс.

3. ШАРТҚА ҚОСЫЛУ ТӘРТІБІ

3.1. Төменде тізіп көрсетілген барлық іс-әрекеттерді Тапсырыс беруші орындауды аяқтаған сәтте Шарт жасалған болып есептеледі, сондай-ақ Тапсырыс беруші Шартқа қосылған болып есептеледі:

3.1.1. Орындаушының Сайтында тіркелу (тіркеу кезінде Тапсырыс берушіге Жеке кабинет құрылады);

3.1.2. Сервисті пайдалану Талаптарымен танысу: https://courstore.com/public-offer;

3.1.3. Тапсырыс берушіні дараландыратын дұрыс және өзекті деректерді, сондай-ақ Тапсырыс берушінің банктік деректемелерін төмендегі ақпаратқа сәйкес Орындаушы сайтындағы (https://courstore.com/instructor-form) нысанға енгізу:

Заңды тұлға Жеке кәсіпкер Жеке тұлға
Тапсырыс берушіні сәйкестендіретін деректемелер Заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды мекенжайы, нақты мекенжайы Жеке кәсіпкердің атауы, ЖСН, заңды мекенжайы, нақты мекенжайы Жеке куәліктің нөмірі және берілген күні
Банктік деректемелер есеп айырысу шоты, банк, БСК есеп айырысу шоты, банк, БСК есеп айырысу шоты, банк, БСК,
Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі Директордың немесе сенімхат бойынша уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. Директордың немесе сенімхат бойынша уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. Т.А.Ә.

3.1.4. Орындаушыға Шартқа №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шартқа қосылу туралы қол қойылған өтінішті (бұдан әрі – Қосылу туралы өтініш) ұсыну. Қосылу туралы өтініш Орындаушыға қағаз жеткізгіште Орындаушының Шартта көрсетілген орналасқан жерінің мекенжайына немесе Орындаушының Шартта көзделген электрондық поштасына электрондық түрде жіберіледі.

3.2. Тапсырыс беруші Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде Шарттың 3.1.1- және 3.1.3- тармақтарында белгіленген тәртіппен Орындаушыға ұсынылған деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушіні дараландыратын деректер, оның байланыс ақпараты және (немесе) банк деректемелері өзгерген жағдайда, Тапсырыс беруші олар өзгерген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің Жеке кабинетінде арнайы нысанды толтыру арқылы Орындаушыға өзекті ақпаратты беруге міндетті.

3.3. Қосылу туралы өтінішке қол қою және беру арқылы Тапсырыс беруші Шартта белгіленген барлық талаптар мен міндеттемелерді қабылдайды, Шартпен танысқанын және келісетінін растайды және Шартқа қосылады.

3.4. Тапсырыс беруші берген Қосылу туралы өтініш Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

3.5. Тапсырыс берушінің қосылу туралы өтінішке қол қоюы:

– Тапсырыс берушінің Шарттың талаптарын толық көлемде оқып, түсінгенін және қандай да бір ескертулер мен қарсылықтарсыз қабылдағанын;

– Шартта Тапсырыс беруші үшін өзінің ақылға қонымды түсінілетін мүдделеріне сәйкес қабылдамайтын қандай да бір ауыртпалық салатын талаптарының жоқ екенін растайды;

– Егер Орындаушыда Тапсырыс беруші қол қойған Қосылу туралы өтініш болса, Тапсырыс берушінің шартты оқығанының/түсінгенінің/қабылдағанының дәлелі ретінде Шартта оның қолының жоқтығына сілтеме жасауға құқылы еместігін;

– Тапсырыс беруші Шарттың барлық талаптарымен және Орындаушының осы Шартта көзделген Қызметтерді жүзеге асыру тәртібімен келісетінін;

– Шарттың барлық ережелерінің Тапсырыс берушінің мүдделері мен еркіне толық сәйкес келетінін;

– Шарт жасасу және оның талаптарын орындау Қазақстан Республикасы заңнамасының кез келген нормасын бұзбайтынын және бұзуға әкеп соқпайтынын растайды.

4. СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

4.1. Сервисті мынадай материалдарды орналастыру үшін пайдалануға тыйым салынады:

4.1.1. құрамында заңсыз ақпарат бар немесе заңсыз қызметті насихаттайтын материалдар, оның ішінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен жауласуды қоздыратын, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік артықшылықты насихаттайтын материалдар;

4.1.2. балағат лексикадан тұратын, Пайдаланушылардың және (немесе) кез келген үшінші тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын материалдар;

4.1.3. өлтіру, дене жарақатын салу немесе мүлікті бүлдіру сияқты қорқыту, зиян келтіру немесе оны қолдау сипатындағы материалдар;

4.1.4. Орындаушының немесе үшінші тұлғалардың зияткерлік және (немесе) өзге де құқықтарын бұзатын, оның ішінде егер Тапсырыс берушіде осы Шартты орындау үшін қажетті көлемде Онлайн-курстарға құқықтар болмаса, Тапсырыс берушіде Онлайн-курстарға зияткерлік құқықтарға қатысты келіспеушіліктер (даулар) және т. б. болса;

4.1.5. Зиянды бағдарламалық жасақтамаға сілтемелер болса;

4.1.6. Шарттың талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын өзгеше түрде бұзатын болса.

5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Орындаушы міндеттенеді:

5.1.1. Тапсырыс берушіге осы Шартта көзделген талаптарда Қызметтер көрсетуге;

5.1.2. Тапсырыс берушінің өтініштеріне әрекет етуге және Сервис жұмысындағы ақауларды түзетуге;

5.1.3. Сервис жұмысының мәселелері бойынша Тапсырыс берушінің техникалық қолдау алуға қажеттілігі туындаған жағдайда, Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша оны алған күннен бастап ақылға қонымды мерзім ішінде техникалық қолдау көрсетуге кірісуге. Техникалық қолдау көрсетуге өтінімді Тапсырыс беруші Орындаушының support@courstore.com электрондық поштасына жібереді.

5.1.4. Тапсырыс беруші Шартта белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, Пайдаланушыларға Онлайн-курстарға қол жеткізу қызметтерін ұсынуға;

5.1.5. Тапсырыс берушіге есепті кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Тапсырыс берушінің Жеке кабинетінде көрсетілген ақпаратты орналастыру арқылы Есептік кезеңде Пайдаланушылардың Онлайн-курстарға электрондық қол жеткізуіне төлем жасау есебінде төлеген төлемдерінің мөлшері, Орындаушымен ұсталған сыйақының мөлшері, Онлайн-курстарға қайтарылған электрондық қол жеткізу құны және т.б. туралы агенттік есептерді ұсынуға. Тараптар Тапсырыс берушіге қандай да бір нысанда агенттік есептерді қосымша жіберу талап етілмейтінімен келіседі;

5.1.6. Шартта көзделген тәртіппен Орындаушының сыйақысын шегере отырып, Тапсырыс берушіге Пайдаланушылардан алынған ақшалай қаражатты олардың Онлайн-курстарға электрондық қол жеткізуіне төлем жасау есебінде аударуға.

5.2. Тапсырыс беруші міндеттенеді:

5.2.1. Сервисте орналастырылатын Онлайн-курстардың Шарттың 4-бөлімінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

5.2.2. Шартта көзделмеген тәсілдермен сервиске қол жеткізу әрекеттеріне жол бермеуге, Сервистің функционалдығының, тұтастығының немесе жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуына қауіп төндіретін қандай да бір қызметті жүзеге асырмауға;

5.2.3. Егер Тапсырыс берушінің Жеке кабинетін үшінші тұлғалардың кез келген рұқсатсыз пайдалануы туралы белгілі болса, Орындаушыны дереу хабардар етуге;

5.2.4. Шарттың 5.1.3- тармағында белгіленген Орындаушының техникалық қолдауына жүгіну тәртібін сақтауға;

5.2.5. Орындаушының сұранысы бойынша Сервисте орналастырылатын Онлайн-курстарға қажетті көлемде айрықша немесе айрықша емес құқықтардың бар екенін растайтын құжаттарды (Онлайн-курстардың немесе олардың жекелеген элементтерінің авторларымен жасалған шарттар, Онлайн-курстарды құруға арналған қызметтік тапсырмалар, авторлық сыйақы төленгенін растайтын құжаттар және т. б.), сондай-ақ Орындаушының Шарт талаптарын орындауына байланысты Орындаушыға қажетті болуы мүмкін өзге де құжаттарды Орындаушының тиісті сұранысын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға;

5.2.6. Орындаушының Сервисіне, өзге де бағдарламалық жасақтамасына өзгерістер енгізуіне, осы бағдарламалық жасақтама негізінде туынды объектілер құруға, кері инжинирингке, декомпиляцияға және (немесе) бағдарламалық жасақтаманың бастапқы кодын немесе оның кез келген бөлігін алу бойынша өзге де іс-әрекеттерге жол бермеуге.

5.2.7. Пайдаланушылардың немесе өзге үшінші тұлғалардың, соның ішінде ҚР заңнамасын бұзушылықтардан туындайтын наразылықтарын өз бетінше қарауға.

5.3. Орындаушы құқылы:

5.3.1. Сервистің ақпараттық базасында Тапсырыс берушінің Онлайн-курстарына электрондық қолжетімділік алған Пайдаланушылардың / Тапсырыс берушінің қалдырған пікірлері мен комментарийлерін жарнамалық мақсаттарда пайдалануға;

5.3.2. Тапсырыс берушіні осы Шарттың мәтініндегі Сервис жұмысындағы өзгерістер туралы Сервиске тіркеу кезінде Тапсырыс беруші көрсеткен электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберу арқылы және (немесе) Тапсырыс берушінің Жеке кабинеті арқылы хабардар етуге;

5.3.3. Сервисті ұсыну үшін пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамаға өзгерістер енгізуге, бағдарламалық қателерді түзетуге, жаңа әзірлемелерді енгізу арқылы Сервисті жақсартуға;

5.3.4. Шарт бойынша қызмет көрсетуді техникалық немесе өзге де себептер бойынша, оның ішінде қызмет көрсетуге кедергі келтіретін форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан осындай себептер жойылған уақытқа дейін уақытша тоқтата тұруға.

5.3.5. Егер Тапсырыс берушінің осы Шартқа сәйкес Орындаушының Қызметтеріне ақы төлеу бойынша берешегі болған жағдайда, қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға және/немесе Шартты біржақты тәртіппен бұзуға .

5.3.6. Келесі жағдайларда Тапсырыс берушіге алдын ала хабарламай Қызмет көрсетуді тоқтата тұруға:

5.3.6.1. Тапсырыс беруші Сервисті пайдаланудың техникалық шектеулерін бұзса, ол Сервистің функционалдығын, тұтастығын немесе жұмысқа қабілеттілігін бұзуға қауіп төндіретін қандай да бір іс-әрекеттер жасаса;

5.3.6.2. Тапсырыс беруші Шарттың 4-бөлімінде, 5.2.6-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін бұзса;

5.3.6.3. Тапсырыс берушінің Шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасын сақтамайтынын көрсететін өзге де іс-әрекеттердің орын алуы.

5.4. Тапсырыс беруші құқылы:

5.4.1. Шартта көзделген тәртіпте және көлемде қызметтерді алуға;

5.4.2. Сервистің ақпараттық базасында Сервис, Қызметтер туралы пікірлер қалдыруға. Тапсырыс беруші қалдырған барлық пікірлерді Орындаушы тексереді және қажет болған жағдайда оларды өшіріп тастай алады.

6. ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

6.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде сайтта орналастырылған Тапсырыс берушінің Онлайн-курстарын сату сомасынан 25 % (жиырма бес пайыз) мөлшерінде Орындаушының сыйақысын белгілеуге келіседі.

6.2. Орындаушы Пайдаланушылардан алған ақшалай қаражатты Тапсырыс берушіге аудару есепті айдан кейінгі әр айдың 15-күніне дейін Шарттың 3.1.3-тармақшасына сәйкес ұсынылған Тапсырыс берушінің банктік шотына аудару жолымен жүргізіледі.

6.3. Орындаушының осы тармақта көзделген міндеттемені орындау сәті Орындаушының есеп айырысу шотынан ақша қаражатының есептен шығарылу сәті болып есептеледі.

6.4. Тапсырыс берушіге аударуға қолжетімді ақша қаражатының сомасын есептеу Пайдаланушылар одан бас тартқан қол жеткізу құнын, сондай-ақ Орындаушының сыйақы сомасын шегере отырып, Онлайн-курсқа электрондық қол жеткізу құнын төлеу есебінде Пайдаланушылар аударған ақша қаражатын қосу арқылы жүргізіледі. Қорытынды сома (Тапсырыс берушінің теңгерімі) Жеке кабинетте көрсетіледі.

6.5. Орындаушы Пайдаланушыларға оны пайдаланудан бас тартуға байланысты Онлайн-курстарға электрондық қолжетімділіктің құнын қайтарған жағдайда, Тапсырыс берушінің теңгерімі жеткіліксіз болған кезде Орындаушы Тапсырыс берушіден көрсетілген шығыстарды Тапсырыс берушінің электрондық поштасының мекенжайына тиісті талапты жіберу арқылы өтеуді талап етуге құқылы. Көрсетілген талапты Тапсырыс беруші оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

6.6. Шарттың 6.2-тармағына сәйкес Орындаушының ақша қаражаттарын аударуы үшін / онымен байланысты алынатын кез келген төлемдер (комиссиялар) Тапсырыс берушінің есбеніне жатқызылады және Орындаушының жауапкершілігі аймағынан тыс болады.

6.7. Тапсырыс берушіге Қызметтер көрсетілген есепті кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей Орындаушы Тапсырыс берушіге қызметтер көрсету туралы актінің скан-көшірмесін Тапсырыс беруші тіркеу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жібереді. Тапсырыс беруші оны алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде көрсетілген актіге (актінің скан-көшірмесіне) қол қоюға және Шарттың 15-бөлімінде көрсетілген Орындаушының электрондық поштасының мекенжайына кері жіберуге не қол қоюдан уәждемелі бас тартуды ұсынуға міндетті. Орындаушы Тапсырыс беруші тарапынан қол қойылған құжаттың скан-көшірмесін алған кезден бастап Акт Тараптармен келісілген болып есептеледі. Егер көрсетілген мерзімде актіге Тапсырыс беруші қол қоймаса, уәждемелі бас тарту ұсынылмаса, актіні Тапсырыс беруші сөзсіз қабылдады деп есептеледі. Егер есепті кезең ішінде Тапсырыс берушіге Қызметтер көрсетілмесе, Орындаушы қызмет көрсету туралы актіні ресімдемейді және Тапсырыс берушіге жібермейді.

6.8. Шарт бұзылған жағдайда Тараптар Шарт бойынша өзара есеп айырысуды ол бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

6.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Қызметтер көрсету талаптарына негізделе отырып, ҚР заңнамасына сәйкес Орындаушының Тапсырыс берушінің табыс көзі болып табылмайтындығынан және Шарт бойынша салық агентінің міндеттерін орындамайтындығынан өзінің хабардарлығын растайды. Тапсырыс беруші Пайдаланушылардан алынған табысты декларациялау және жеке тұлғалардың кірістеріне салықты ҚР бюджетіне аудару үшін дербес жауапты.

6.10. Егер қандай да бір себептер бойынша Орындаушының сыйақысы ұсталмаса, егер сол сияқты ұсталса да, толық көлемде ұсталмаса және бұл салыстырып тексеру жүргізу кезінде расталса, онда жетіспейтін соманы Тапсырыс беруші Орындаушының шоты негізінде оны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеуге тиіс.

7. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТЕН БАС ТАРТУЫ

7.1. Пайдаланушы Онлайн – курсқа қолжетімділіктен бас тартуға құқылы.

7.2. Егер Пайдаланушы мұндай бас тартуды тиісті электрондық қолжетімділікті сатып алған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде мәлімдеген жағдайда, Орындаушы Пайдаланушыға бұрын төлем шотына аударылған ақша қаражатын қайтарады.

7.3. Егер бас тарту Шарттың 7.2-тармағында көрсетілген мерзімдерден тыс мәлімделген жағдайда, ақша қаражаты Пайдаланушыға қайтарылмайды.

7.4. Шарттың 7.2-тармағына сәйкес Пайдаланушыға қайтарылатын ақша қаражатының сомасынан Орындаушы көрсетілген қайтаруды орындауға байланысты шығыстарды ұстап қалады.

8. ЖАУАПКЕРШІЛІК

8.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартқа және ҚР әрекет етуші заңнамасына сәйкес жауапты болады.

8.2. Орындаушы мыналар үшін жауапты емес:

8.2.1. Шарттың 5.3.6. тармағында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда Тапсырыс берушінің Сервистің функционалдығын пайдалана алмағаны үшін;

8.2.2. Сервиске DDOS-шабуылдарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздікті немесе Сервистің қалыпты жұмыс істеуін бұзуға бағытталған үшінші тұлғалардың әрекеттері, сондай-ақ кез келген зиянды бағдарламалардан туындаған Сервис жұмысындағы іркілістер үшін;

8.2.3. Тапсырыс беруші/ Пайдаланушылар Тапсырыс берушінің Шарт талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы нәтижесінде келтірілуі мүмкін қандай да бір тікелей немесе жанама залалдар үшін.

8.3. Орындаушы Сервисті пайдалану Тапсырыс берушіге/ Пайдаланушыларға ыңғайлы кез келген уақытта қолжетімді болатынына, қауіпсіз болатынына, қателерге немесе іркілістерге ұшырамайтынына кепілдік бермейді. Осы Шарттың талаптарын орындау мақсаттары үшін пайдаланылатын бағдарламалық жасақтама жұмысындағы барлық ақаулар олардың анықталуына қарай түзетілетін болады.

8.4. Тапсырыс берушінің осы Шартта көзделген кез келген міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Орындаушы Тапсырыс берушімен Шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын хабардар ете отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы, бұл ретте Тараптар Шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

8.5. Орындаушы Тапсырыс берушіге бар бұзушылықтарды тиісті хабарлама жіберілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жоюға мүмкіндік береді. Егер бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаса, Орындаушының Тапсырыс берушіге қатысты Шарттың 8.4-тармағында айтылған салдарды қолдануға құқығы бар.

9. СЕРВИСТЕГІ ЖАРНАМА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АҚПАРАТ

9.1. Орындаушы Сервисте жарнама және үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ақпаратын орналастыру құқығын өзіне қалдырады. Бұл ақпарат Тапсырыс берушіге хабарланбай өзгертілуі мүмкін.

9.2. Орындаушы Тапсырыс беруші Сервиске орналастыратын ақпаратты тексеруді жүзеге асыруға құқылы, бірақ міндетті емес. Осы ақпараттың Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Орындаушы осы ақпаратты толық көлемде де, ішінара да бұғаттауға, өзгертуге және жоюға құқылы.

9.3. Тапсырыс беруші ол Сервисте орналастыратын ақпарат үшін толық жауапты екендігімен келіседі. Орналастырылған ақпараттың сипатына байланысты үшінші тұлғалардан шағымдар түскен жағдайда Тапсырыс беруші көрсетілген шағымдарды өз бетінше және өз есебінен реттейді.

10. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ МӘН-ЖАЙЛАРЫ

10.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамау Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының, Тараптар болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы мән-жайлардың салдарынан туындаған болса, жауапкершіліктен босатылады.

10.2. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған кезде әрбір Тарап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде олар туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға тиіс. Хабарламада мән-жайлардың сипаты туралы деректер қамтылуы, сондай-ақ осы мән-жайлардың бар екенін куәландыратын және мүмкіндігінше Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне олардың әсеріне баға беретін ресми құжаттар берілуі тиіс.

10.3. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы мән-жайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа кейінге шегеріледі.

10.4. Егер еңсерілмес күш мән-жайлары мен олардың салдарлары екі айдан астам уақыт бойы жалғасса, Тараптар Шартты орындаудың қолайлы балама тәсілдерін анықтау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді.

11. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

11.1. Осы Шартта айтылмаған барлық қалған жағдайларда Тараптар ҚР әрекет етуші заңнамасын басшылыққа алады.

11.2. Осы Шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулар талап қою тәртібін қолдана отырып, келіссөздер жолымен шешілуге тиіс. Бұл ретте наразылықтар қаралады және оларға жауап келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Егер көрсетілген мерзімде қойылған талапқа жауап жіберілмеген жағдайда, қойылған талап қарсылықсыз қабылданған (акцептелген) саналады, ал көрсетілген талаптарды орындау мерзімі басталды деп есептеледі.

11.3. Егер Тараптар арасында туындаған дау келіссөздер жолымен шешілмейтін болса, ол Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жері бойынша шешіледі.

12. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

12.1. Тараптар осыменен Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы Шартта белгіленген дербес деректерді өңдеу режимін сақтауға міндеттенеді.

12.2. Дербес деректерді өңдеу ұғымымен Пайдаланушылардың дербес деректерін жинауды, жинақтауды, жүйелеуді, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), сақтауды, пайдалануды, таратуды (оның ішінде беруді), бұғаттауды, иесіздендіруді, жоюды қоса алғанда, дербес деректермен жасалатын іс-әрекеттер (операциялар) түсініледі.

12.3. Орындаушы жеке ақпаратты өңдеу мақсатында еншілес және үлестес компанияларға Тапсырыс берушінің дербес деректерін ұсынуға құқылы, бұған Тапсырыс беруші осы Шартты жасай отырып, осы Шарттың 3.1-тармағына сәйкес келісімін береді.

12.4. Тараптар уәкілетті ұйымдар мен органдардың сұранысы бойынша құпия ақпаратты ашудың қолданылатын құқықта көзделген жағдайларын қоспағанда, осы Шарт бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру шеңберінде Тараптар алған немесе Тараптар қол жеткізген кез келген өзге де ақпарат сияқты, Шартқа қатысы бар ақпараттың құпиялылығын сақтауға және үшінші тұлғаларға ашпауға міндеттенеді.

12.5. Тараптар Шарттың барлық әрекет ету мерзімі ішінде және Шарт бұзылғаннан немесе оның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін 5 (бес) жыл ішінде екінші Тарапқа берілген барлық құжаттар мен ақпараттың құпиялылығын сақтау міндеттемесін өзіне алады.

12.6. Осы бөлімнің талаптары жалпыға қолжетімді ақпаратты, Тарап құпия ретінде қорғамайтын ақпаратты тарату жағдайларына, сондай-ақ үшінші тараптан немесе ашық көздерден оның құпия сипаты көрсетілмей алынған ақпаратқа қолданылмайды.

13. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ОНЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ

13.1. Осы Шартты Тараптар белгісіз мерзімге жасайды.

13.2. Шарт кез келген Тараптың бастамасы бойынша кез келген уақытта бұзылуы мүмкін. Тиісті Тарап бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні өткеннен кейін шарт бұзылды деп есептеледі. Бұл жағдайда Шарттың бұзылған күні болып Шарт бойынша соңғы Есептік кезеңнің аяқталған күні саналады. Шартты бұзу Шарттың әрекет ету кезеңінде Онлайн-курсқа қол жеткізу құқығын алған Пайдаланушылардың электрондық қолжетімділігін, сондай-ақ оны бұзған кезге дейін туындаған өзге де міндеттемелерді тоқтатуға (бұғаттауға) әкеп соқпайды.

13.2.1. Бұл ретте Тараптар Тапсырыс берушінің Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде, сондай-ақ ол бұзылғаннан кейін Пайдаланушылар қол жеткізу құқығына ие болған өзі орналастырған Онлайн-курстарды жоюға (бұғаттауға) құқығы жоқ екенімен келісті. Бұл жағдайда, Шарт бұзылғаннан кейін, орналастырылған Онлайн-курстарға қолжетімділік тек Шарттың әрекет ету уақытында қол жеткізу құқығын алған Пайдаланушыларда ғана болады, бұл ретте Онлайн-курстарды одан әрі тарату аяқталады. Осы талап бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушы жүгінген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жойылған (бұғатталған) Онлайн-курсты қалпына келтіруге, сондай-ақ Орындаушының осы талаптың бұзылуынан келтірілген барлық залалдарды өтеуге міндеттенеді.

13.3. Тараптар Шартты, сондай-ақ Шарттың кез келген талабын, оның ішінде Орындаушы сыйақысының және Қызметтер құнының белгіленген мөлшерлерін Орындаушы қосымша келісімдер жасаспай, Тапсырыс берушінің тіркеу кезінде көрсеткен электрондық поштасына алдын ала хабарлама жіберу арқылы өзгерістер енгізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын біржақты тәртіппен өзгертуі және/немесе толықтыруы мүмкін екендігімен келіседі. Шарттың өзгертілген және/немесе толықтырылған талаптарымен келіспеген жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушыға енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды ескере отырып, Шарттың талаптарын қабылдамау туралы және Шартты бұзу туралы өтініш жібереді.

13.4. Тапсырыс берушінің Орындаушыға Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы Тапсырыс берушіні хабардар еткен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды ескере отырып, Шарт талаптарының қабылданбауы туралы өтініш бермеуі Тапсырыс берушінің Шарттың жаңа (өзгертілген/толықтырылған) редакциясымен келісетінін және Тапсырыс берушінің хабардар ету мерзімі аяқталған күннен бастап әрекетке енгізілетін өзгерістерді және/немесе толықтыруларды ескере отырып, Шарттың жаңа редакциясымен тұтастай қосылатынын білдіреді.

13.5. Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін ол өзгертілген/толықтырылған түрінде әрекет етуін жалғастырады.

13.6. Шартта және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың Шарттан туындаған міндеттемелерді орындауы шеңберіндегі барлық хабарламалар, хабарлар мен құжаттар жіберілуі тиіс және Тапсырыс берушінің Жеке кабинеті арқылы не Тараптардың бірінің уәкілетті мекенжайынан екіншісінің уәкілетті мекенжайына электрондық пошта арқылы жіберілген жағдайда Тараптар алған болып есептеледі. Уәкілетті мекенжайлар болып мыналар саналады:

13.6.1. Орындаушы үшін: info@courstore.com.

13.6.2. Тапсырыс беруші үшін: Сайтта тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы.

14. ӨЗГЕ ТАЛАПТАР

14.1. Орындаушы осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындау мақсатында үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

14.2. Тараптардың осы Шартпен реттелмеген қатынастарына ҚР әрекет етуші заңнамасының нормалары, сондай-ақ Шарттың 3.1.2-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Орындаушының сайтында орналасқан Пайдалану талаптары қолданылады.

14.3. Орындаушы Сервисті пайдалана отырып, әртүрлі мәселелер бойынша Тапсырыс берушіге хабарлама/ заңгерлік маңызы бар хабарлама жіберуге құқылы.

14.4. Шартқа барлық қосымшалар мен келісімдер міндетті болып табылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

15. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

«PINE Digital»ЖШС
Z00X8H2 (010009), Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы,
Ғабиден Мустафин к-сі, 21/1 үй, 355-пәтер
БСН 190340014780
ЖСК KZ38914012203KZ008SC
БСК SABRKZKA
«Сбербанк» АҚ ЕБ
Кбе 17

Директор
Рауан Аппасович Сыздыков

2021 жылғы 02 сәуірдегі
қосылу шартына
№1 қосымша

Қосымша талаптар:

Орындаушы өз қалауы бойынша Тапсырыс беруші контентін өзінің нысаналы аудиториясына жылжытуға құқылы, жылжыту жарнамаға материалдарды дайындауды, SMM-ді, жарнаманы жоспарлауды және құруды кіреді;

Акцияларды өткізу тәртібі:

Осы Шартты жасасу арқылы Тапсырыс беруші Орындаушы жүргізетін акцияларға қатысуға келіседі

1. Шарттың әрекет ету кезеңінде Тараптар бірлескен жарнамалық акциялар, оның ішінде Онлайн-курстарға қол жеткізуді сатып алған кезде Пайдаланушыларға жеңілдіктер беру бойынша акциялар өткізе алады.

2. Орындаушы Тапсырыс берушіні акция басталатын күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабардар етуге міндеттенеді. Сондай-ақ хабарламамен бірге Орындаушы акцияны өткізу талаптарын ұсынады.

Қосылу үшін қосымшаны жүктеп алыңыз

Обратная связь